05 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы  №259

375 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
2015 жылғы 29 шілде, Астана қаласы «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектердің қол жеткізуін қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 3) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектердің қол жеткізуін қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті (А.Р. Райымқұлова) заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын; 3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды; 4) осы тармақпен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді іс-шараларды орындағаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ.А.Ахмедьяровқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы Д.БОЛАТХАНҰЛЫ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 шілдедегі №259 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектердің қол жеткізуін қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандарты 1. Ең төмен әлеуметтік стандартты әзірлейтін және бекітетін орталық мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі. 2. Ең төмен әлеуметтік стандартты қолдануға негіз болатын заңдар тізбесі: 1) «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; 2) «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 3) «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» 2015 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы. 3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың мақсаты: Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектердің қол жеткізуін қамтамасыз ету. 4. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері осы стандарттың қосымшасында көрсетілген. «Мемлекеттік мәдениет ұйымдары өткізетін мәдени-ойын-сауық іс-шараларына мүгедектердің қол жеткізуін қамтамасыз ету» ең төмен әлеуметтік стандартқа қосымша Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері № Норманың/ нормативтің атауы Норманы/ нормативті реттеуші нормативтiк құқықтық акт Норма/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандартқа құқығы бар тұлғалардың санаттары Норманың/ нормативтің мөлшері 1 Бюджет қаржысы есебінен өткізетін концерттік мекемелерге қол жетімділікті қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасында мүгедектерді қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы Бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектері мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар Бірінші және екінші топ мүгедектері мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектері көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді 2 Бюджет қаржысы есебінен өткізетін театрларға қол жетімділікті қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасында мүгедектерді қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы Бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектері мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар Бірінші және екінші топ мүгедектері мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектері көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді 3 Бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылатын мәдени-ойын-сауық мекемелеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасында мүгедектерді қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы Бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектері мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар Бірінші және екінші топ мүгедектері мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектері көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді 4 Бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылатын кітапханаларға қол жетімділікті қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасында мүгедектерді қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы Бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектері мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар Бірінші және екінші топ мүгедектері мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектері көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді 5 Бюджет қаржысы есебінен қаржыландырылатын музейлер және қорық-музейлерге қол жетімділікті қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасында мүгедектерді қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы Бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектері мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар Бірінші және екінші топ мүгедектері мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектері көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді 6 Бюджет қаржысы есебінен өткізетін цирктердің қойылымдарына қол жетімділікті қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасында мүгедектерді қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы; «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы Бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектері мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар Бірінші және екінші топ мүгедектері мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар көрсетілетін қызметтерді бюджет қаражаты есебінен қолданады, ал үшінші топ мүгедектері көрсетілетін қызметтердің – 50 пайызын төлейді Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 27 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11964 болып енгізілді.